Аймақтар • 18 Маусым, 2017

Шымкентте отбасылық демалыс үшін жаңа гүлзар ашылды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы «Қарасу» шағынауданында орналасқан гүлзарда қайта құру жұмыстары жүргізілген еді.

Шымкентте отбасылық демалыс үшін жаңа гүлзар ашылды

Мұндағы ескі орындықтар мен науалар ауыстырылып, жасыл көгал төселді. Сондай-ақ, келуші жас балақайлар үшін ойын алаңшасы дайындалды. Жаңартылған гүлзарға жаңа мәртебе берілді. Енді ол Отбасы аллеясы аталады.

Қайта құру жұмыстары барысында ешқандай бір ағаштарға зақым келген жоқ. Кіреберіс тұстағы қарағаш бұталары саябаққа келушілерді айрықша әсерге бөлейді. Саябақты қайта құру жұмыстары 2.5 айға созылды.