Аймақтар • 18 Маусым, 2017

«Қорғаста» халықаралық санаториялық-сауықтыру орталығы салынады

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында биыл қазақстандық-қытайлық санаториялық-сауықтыру орталығының құрылысы басталады, деп хабарлады Қазақпарат.

«Қорғаста» халықаралық санаториялық-сауықтыру орталығы салынады

Агенттіктің деректеріне сәйкес орталық Қытай және оған жақын орналасқан елдердің тұрғындарына қызмет ететін болады. Жоспарлы бала туу  және денсаулық сақтау  істері комитетінің басшысы Тань Дахайдың айтуынша, санаториялық-сауықтыру орталығы «Қорғас» ХШЫО қытайлық бөлігінде салынады және оған 5: қытай, қазақ, ұйғыр, моңғол, тибет медицинасының мамандандырылған емдеу корпустары енгізіледі.

Орталық міндеттерінің тізбесіне медициналық зерттеу, салауатты өмір салтын қолдау, денсаулық жағдайын тексеру, сауықтыру қызметтерін көрсету кіреді. 60 шаршы метр алаң 330 орынмен жабдықталады.