Шүменовтің айтуынша, спарринг кезінде көзінен алған жарақаты тым ауыр болды. Дәрігерлер оған бокспен айналысуға тыйым салыпты. Себебі, қатты соққы алар болса, көзі көрмей қалуы әбден мүмкін. Боксшы шілде айында кезекті рет ота жасатады.
Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Шүменовті тұрақты чемпион атағынан айырғаны белгілі болды. Бейбіт аталған ұйымға денсаулығына байланысты карьерасын жалғастыра алмайтынын жеткізген.
Шүменовке тиесілі титул енді кубалық былғары қолғап шебері Юниер Дортикосқа берілді. Қос боксшының арасындағы жекпе-жек сәуір айында өтуі тиіс болатын. Алайда, қазақстандық боксшының жарақатына байланысты кездесу кейінге шегерілген еді.