Аймақтар • 19 Маусым, 2017

Исекешев елордалық полицейлерге 100-ге жуық жаңа көліктің кілттерін табыстады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Қазақстандық полиция күні қарсаңында елордалық Ішкі істер департаментіне жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін табыстады, деп хабарлайдыІІД-нің баспасөз қызметі.

Исекешев елордалық полицейлерге 100-ге жуық жаңа көліктің кілттерін табыстады

Астаналық Ішкі істер департаментінің қызметтік автокөліктерінің саны Қазақстанда құрастырылған 94 көлікке толықты. Автокөліктер  сигналды-дауыс  зорайтқыш құрылғылармен, радиостанциялармен, бейне тіркегіш және басқа да заманауи техникалық талаптарға сай құралдармен жабдықталған.

Жаңа автокөліктер жол-патрульдік полиция полкіне, учаскелік полиция инспекторларына, Жергілікті полиция қызметінің кинологиялық взводына, аудандық басқармалар мен әкімшілік полицияның кезекші бөлімдеріне пайдалануға берілді.

Бұл аталған бөліністер қызметінің жеделдігін арттыруға және елордадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

«Жол қауіпсіздігін қорғау мақсатында полицейлер сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, ЭКСПО халықаралық көрмесіне келген мектеп оқушыларына, басқа аймақтардан келушілерге және шетелдік туристерге қала аумағына  бейімделуіне көмек көрсетеді», - делінген таратылған хабарламада.