Әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында да әрқилы пікірлер қалыптасты.
Қаулыны қолдану сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерге елорда әкімдігі қала кәсіпорны, ұйымдары және жеке тұлғалар нысан құрылысы мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарын белгіленген жер участкесі шекарасында жүргізе алатыны түсіндірілді.
Аталған Қаулының талабы жер жұмыстарын жүргізуге, инженерлік желіні тартуға және қала аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қолданылады.
«Шектеу апаттық және жөндеу жұмыстарына қолданылмайды. Сондай-ақ 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін пайдалануға берілетін нысандарға таралмайды. Жұмыстар пайдаланатын мекемлердің өкілінің қатысуымен және бақылуымен жүргізілуі тиіс», – дейді қала басшылығы.