«Астанада екінші күн қатарынан аномалды аптап орнады. 35-36 градусқа шыдау қиын. Біз қайырымды іс жасағымыз келді, екінші күн қатарынан халық шоғырланған орындарға тегін су құтыларын орнатудамыз. Негізінен, қарт кісілер, жас балалар мен жүкті әйелдер ризашылық білдіруде. Осы үшін қуанамыз. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі болуы тиіс. Біздің әрбіріміз еліміздің әрбір азаматы және қала қонақтары үшін жауапты болуымыз керек» дейді Елорда тұрғыны.
Астана қаласы және Ақмола облысында аптап ыстыққа байланысты алдын ала ескерту жарияланды. «Казгидромет» орталығының хабарлауынша, ауа температурасы Астанада 33-35 градуста көрсетеді.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада жоғары температура 26-27 маусым күндері болады. Осы күндері көлеңкедегі ауа температурасы 39 градус болады деп күтілуде. 28 маусымнан кейін салқын температура орнай бастайды.