04 Қазан, 2011

Инвестициялардың игілігін көретін кез

264 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысы болып өтті. Онда эко­номиканы жаңғырту мәселелері, сондай-ақ Қазақстан эко­номикасының шикізаттық емес секторына тікелей шетелдік ин­вестициялар тарту жөніндегі ұлттық жоспар талқыланды. Алдымен Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов сөз алып, жастар саясаты мә­се­лелері бойынша еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы туралы баяндама жа­сады. «Ұсынылған жаңа заң жо­басының мақсаты жастардың әлеуметтік-экономикалық да­муы­на көмектесу, олардың мемлекет пен қоғам өміріне белсене қат­ы­суына жағдай жасау болып та­бы­лады. Жастар саясаты туралы заң­намаға түзету енгізу мәселесі арнайы сайтта (www.zan.zhastar.kz) талқыланып, оған 1000-нан астам ұсыныстар келіп түсті. Заң жо­ба­сына бірқатар жаңалықтар енгізу ұсынылды. Мысалы, олар­дың ішінде студенттерді баспанамен қамтамасыз ету, білім алушылар үшін көлікте жеңілдікпен жүру, «Дарын» мемлекеттік сыйлығын заңнамалық тұрғыда бекіту және басқа да ұсыныстар бар, деді Б.Жұмағұлов. Бұдан соң күн тәртібіне енгізілген «Қазақстан экономика­сы­ның шикізаттық емес секторына тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық жос­п­а­ры» туралы баяндаманы Пре­мьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа техно­ло­гия­лар министрі Әсет Исекешев жа­сады. Ол ел алдында эконо­ми­каны жедел индустрияландыру бойынша үлкен мақсаттар тұр­ға­нын тағы бір мәрте қайталап өтіп, өнімділік мәселесі мен жаңа технологиялардың бүгінгі таңда алдыңғы кезекке шығып отыр­ғандығын жеткізді. «Бұның бар­лығы еліміз жүргізіп отырған тікелей шетелдік инвестициялар тарту саясатында көрініс табады. Үдемелі индустриялық-иннов­а­ция­лық даму бағдарламасын жү­зеге асырған 1,5 жылдың ішінде ТШИ бағытында нақты жағымды нәтижелерге қол жеткізе баста­дық. 2010-2014 жылдарға арнал­ған экспортты ынталандыру және арнайы экономикалық аймақ­тар­ды дамыту, инвестициялар тарту бойынша салалық бағдарлама жа­сап шығарылды. Оны жүзеге асыру барысында шетелдік ин­вестор-елдердің ірі компания­ла­ры­мен 200 инвестициялық бастама бойынша жұмыстар басталды. Шетелдік инвесторлардың қаты­суы­мен 20-дан астам халық­ара­лық түрлі бизнес-форумдар ұй­ым­дастырылды. Біз Елбасының тікелей тапсырмасымен Франция, Оңтүстік Корея, Қытай елдері компанияларымен жұмыс жүр­гі­зіп, байланыс орнаттық. Сон­дай-ақ Германия, Жапония және Таяу Шығыс елдерімен жұмысты белсендіре түсудеміз», деп атап өтті Әсет Исекешев. Оның айтуынша, 2010 жылы 12 тілде қызмет көрсететін ұлт­тық инвестициялық веб-сайт қол­данысқа енгізілген көрінеді. Мұн­дай 12 тілді интерфейс үздік шетелдік 10 сайттың бірі болып табылатын француздық сайтта ғана бар екен. Веб-сайтта Қазақ­станда бизнес жүргізудің қыр-сыры, барлық қажетті мәлімет, тіпті коммуналдық төлемақы ту­ра­лы да ақпарат табылады. Веб-сайт ашылғаннан кейінгі 8 ай ішінде оған елімізге инвестиция салуға байланысты 100-ден астам өтініш келіп түсіп, 48 мыңнан астам келушілер тіркеліпті. «Инвестициялық заңнаманы жетілдіру мақсатында биыл ар­найы экономикалық аймақ ту­ра­лы жаңа заң қабылданды.  Заңда инвестиция салушыға ұсыныла­тын жеңілдіктер пакетін кеңейту мен АЭА қатысушыларына рұқ­сат берілетін шаралар санын қыс­қарту қарастырылған. Жағымды тенденцияларды статистикалық мәліметтер де растап отыр. 2007-2009 жылы жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында әлемде тікелей шетелдік инвестициялар ағысы екі есеге азайған кезде, Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар саны ре­кордтық көрсеткішке жеткен. Мамандардың айтуынша, 2012 жылы әлемдік экономиканың жағдайы на­шар­ламақ. Биылғы жылдың өзінде Қаша­ған­дағы жұмыстардың белсенді фаза­сы­на байланысты елге келетін ТШИ көлемінің азайғаны байқалады, сон­дық­тан бізге күшімізді тиянақтап, қарқы­ны­мызды төмендетіп алмауымыз қажет. Сонымен қатар, елімізде бірінші рет өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвестиция көлемінің өсуі байқалды. Мы­са­лы, металлургияға тартылған ТШИ 12%-ға артып, ал қара металлургияға екі есе ТШИ тартылды. Электр өндірісі мен электронды жабдықтар өндіруге са­лын­ған шетелдік салымдар 16%-ға артқан. Жалпы, Қазақстанға ТШИ үшін бәсе­ке­лес елдер негізінен ТМД елдері болып та­былады. Еліміз тартылған инвести­ция­ның ІЖӨ-ге және жан басына шақ­қандағы көлемі бойынша Ресейден кейінгі толассыз көшбасшы болып табылады. Қазіргі таңда қалыптасып отырған экономикалық жағдайға байланысты ТШИ-ға деген тартыс кенеттен кү­шей­ді. ТМД елдерін қоспағанда агрессиялы инвестициялық саясатты Еуропа да жүргізе бастады. Сондықтан дәл қазір Қазақстан алдында екі маңызды міндет тұр. Біріншісі, шетелдік инвестиция­лар­ды белсенді тарту болса, екіншісі, олар үшін өзге елдермен бәсекелестікті табысты жүргізу. Жүргізілген зерттеулер Қазақстанның инвестициялық сыйым­ды­лығының өсу әлеуеті жоғары екендігін көрсетеді. Сәйкесінше, экономика­ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ел әлеуетін тиімді қолдану арқы­лы ТШИ-ды жылына 10 млрд. АҚШ дол­ларына дейін өсіруге мүмкіндік бар. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру – барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік құры­лым­дардың еліміздің бағдарламалық құ­жаттарын жүзеге асыру арқылы қол жет­кізетін негізгі міндеті. Осы мақ­сат­та Қазақстан экономикасының шикі­зат­тық емес секторына инвестиция тарту­дың ұлттық жоспары жасақталды, ол Үкімет қаулысымен бекітілетін болады. Жоспар 4-ке бөлінеді. Алғашқысы – стратегиялық инвестициялық жоба­лар­ға арнайы режім қолдану», деді Пре­мьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.  Ә.Исе­кешев 1994-2004 жж. аралы­ғын­да жұмыс істеген «Инвестициялар ту­ралы» Заңның заңнамалық тұрақ­ты­лық норма­сын қайтаруды ұсынды. «Ол сол кезеңде ынталандыру факторы ретінде қолда­ныл­ды, алайда, индустрия­лан­дыру бойынша мемлекеттік бағдар­ла­малардың болма­ған­дығы себепті оны шикізат секто­рының инвесторлары игілігіне жаратты. ҮИИДБ міндеттерін есепке ала отырып, оны 10 жыл тек қана өңдеуші сектор инвесторларына қайтаруды ұсынамыз. Екінші бағыт виза алу тәртібін оңтай­лан­дыру болса, үшінші бағыты қазақ­стан­дық қызмет көрсетуді жақсарту, ал төр­тіншісі мақсатты индикаторларды бекіту болып табылады, деді ол. Бұл төрт бағыт бойынша Әсет Өрентайұлы  толық­қанды түсініктеме беріп өтті. Селекторлық режімдегі отырыс ба­ры­сында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау аталмыш министрлік тиісті органдармен бірлесе индустрияландыру күнін өт­кізуге арналған дайындық жұмыс­та­ры жүргізіліп жатқандығын хабарлады. «Шараны «Сарыарқа»  республикалық велотрегінде өткізу жоспарланып отыр. Елбасының қатысуымен индустриялық жобаларды іске қосуға арналған бұл телекөпір шамамен үстіміздегі жылдың 9 желтоқсанына белгіленуде», – деді ол. Вице-министр аталған телекөпір бары­сын­да «Алтын сапа» және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы «Парыз» дәстүрлі сыйлықтары тапсы­ры­­латынын жеткізді. «Ал индус­трия­ландыру картасына келсек, 2011 жыл­дың екінші жартыжылдығында 600 млрд. теңгеден астам қаржының 129 жобасы іске қосылады. Бүгінде 6 жоба іске қосылды, ал қалғандары алдағы 3 айдың ішінде тапсырылатын болады. Бұдан соң Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишімбаев сөз алды. Ол баяндамасын статистика мәліметтерімен бастады. Вице-ми­нистрдің айтуынша, тұрғын үй құ­рылысына бағытталған инвестициялар 37%-ға төмендеген көрінеді. Осыған байланысты тұрғын үй жетіспеушілігі орын алып, баға өсімі байқалуда. Би­ыл­ғы жылдың алғашқы жартысында өңір­лер бойынша тұрғын үй бағасы 20-25%-ға жоғарылаған. Қ. Бишімбаев тұр­ғын үйдің бастапқы рыногында (жаңа үйлер) ұсыныстар жоқтығын, ал қайталама рыноктағы үйлер алып­са­тарлық саудаға айналып отырғандығын айта кетті. «Осыған байланысты ар­найы бағдарлама жобасын әзірледік. Алайда, оны Қазақстан өңірлері ая­сын­да тексеріп көру үшін 2011-2012 жыл­да­ры ілкі жоба ретінде іске асыруды ұсынамыз», – деді ол. Бағдарлама жобасымен танысқан Үкімет басшысы оны ілкі жоба режімінде Астана және Шымкент қала­ла­рын­да іске қосу керектігін құптады. «Меніңше, жоба бағдарлама болуға әлі жеткіліксіз. Сондықтан оны алдымен ілкі жоба ретінде бекітейік. Жобаны Ас­танада және тұрғындар көп қоныс­тан­ған өңірлер арасынан Шымкентте іске асыруды ұсынамын», – деді Премьер-Министр. Үкімет басшысы атал­ған аймақтарда жинақталған тәжі­ри­беден кейін ел шеңберінде жүзеге асы­ру үшін оның нақты бағдарлама тұрғы­сын­да  қарастырылатындығын жеткізді. Венера ТҮГЕЛБАЙ.