Әлем • 27 Маусым, 2017

Қазақстан жетекшілік етті

326 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) штаб-пәтерінде БҰҰ-ның Қазақстан Рес­пуб­ликасының Женева қала­сындағы бөлім­шесі мен басқа да х­алық­аралық ұйым­дар­дағы Тұрақты өкілі, елші Жанар Айт­ж­анованың төрайым­дығымен ДСҰ-ның Сауда және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі коми­тетінің отырысы өтті. Қазақстан ДСҰ мүшесі болғаннан кейін алғаш рет ұйымның маңызды коми­теттерінің бірін басқарды.

Қазақстан жетекшілік етті

Отырысқа БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашы­лық ұйымы (ФАО), БҰҰ Сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД), БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП), Экономикалық ынты­мақ­тастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО), БҰҰ Климаттың өзгеруі бойынша конвенциясы (РКИК) және ДСҰ−ға мүше барлық мемлекеттердің өкілдері қатысты.

Кеңесті аша отырып, Ж.Айт­жанова осы жылдың жел­тоқ­сан айында Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін 11-ші ДСҰ министрлік конференцияның қорытынды кұжаттарын зер­делеу мақсатында сауда және қоршаған орта арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың маңызына тоқтала келе, қаты­сушыларды ашық және белсенді пікірталасқа шақырды.

Отырыс барысында ДСҰ Хат­шы­лығы өкілінің ДСҰ ала­ңында өткен келіссөздер жайлы баяндамасы тыңдалды. Жүргізіл­ген келіссөздердің негізгі мақсаты балықтардың белгілі түрлерін аулауға бөлінетін қаражатқа тыйым салу жай­лы көпжақты келісімдерге келу бо­лып табылады. Шамадан тыс балық аулау­ға және балық аулаудың деңгейін артты­ратын, заңсыз, тіркелмеген және реттел­меген балық аулауға бөлінетін қаражатқа тыйым салынады деп күтілуде. Бұл келіссөздердің ДСҰ мүшелері арасында белсенді талқыланып жатқаны және олардың сәтті аяқталуы ДСҰ министрлік кон­ференциясының ең маңызды нәти­желерінің бірі болатыны атап өтілді.

Сонымен қатар, Австралия өкілі эколо­гиялық тауарлар жайлы плюрира­терал­дық келісім­ге қол қою бойынша келіс­сөздер үдерісі туралы қысқаша баяндама жасады. Келісім әкелінген тауар­ларға және жабдықтарға қа­тыс­ты кедендік баждарды жою­ға бағытталған. Бұл, өз кезегінде, шағын және орта биз­нес субъек­тілерінің «жасыл» тех­но­логия­ларға қолжетімділігін жақ­сарт­ады және жаңартылған энер­гия көздері аясындағы жоба­ларды дамытуға қосымша ықпал етеді.

Кездесу барысында ФАО өкілі Ұйым­­ның заңсыз, тіркел­меген және реттел­мейтін балық аулауға қарсы күрес туралы жоба­ларымен таныстырды. Заң­­сыз балық аулау мәселесін қада­­ғалауды жедел қолға алу қажеттілігі ДСҰ мүшелерінің бір­қатар делегациялары тара­пынан қол­дау тапты және олар осы өндіріске балық аулаудың 30%-ы немесе 10-23 млрд АҚШ доллары тиесілі екенін көлденең тартты.

Отырыста тағы бір маңыз­ды мәсе­ле – Париж климат келі­сімін жүзеге асы­ру үдерісі қаралды. РКИК өкілі оты­­­рысқа қатысушыларды климат бо­йын­ша жалғасып жатқан халықара­лық талқылау барысымен танысты­рып өтті. Бүгінгі таңда 148 ел Париж келі­сі­мін ратификациялады, ендігі бас­ты міндет оны іске асыру жөніндегі жұ­мыс бағдарламасын пысықтау болып табылады.

Осы сегмент аясында Ко­рея Респуб­ликасы, Жаңа Зе­лан­дия және Перу өкілдері Париж келісімінде көрсетілген мін­деттерге қол жеткізу мақса­тында ортақ жоспарларын ұсынды.

Қазақстан делегациясы оты­рысқа қатысушыларды Париж келісімін іске асыру бойынша өз бастамаларымен танысты­рып, Астанада «Болашақтың энер­гиясы» тақырыбымен ЭКСПО-2017 көрмесі өтіп жат­­қа­ны­нан хабардар етті. Сон­дай-ақ, делегация мүше­лері ЭКСПО-2017 шеңберінде «Энер­ге­ти­ка­ның тұ­рақты дамуын қамта­масыз ету» атты министрлік кон­фе­р­ен­ция­сы өтіп, онда «Жасыл» тех­ноло­гиялар мен инвес­ти­циялардың халықаралық орталығын Астанада ашу туралы шешім қабыл­дан­ғаны туралы ақпаратты да қатысу­шыларға жеткізді.

ДСҰ-ның Сауда және қор­ша­ған ортаны қорғау жөнін­дегі комитетінің кезекті отыры­сы қа­ра­ша айына жоспар­ланып отыр.

«Егемен-ақпарат»

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20