Қазақстан • 30 Маусым, 2017

«Назарбаев университет» инновациялық кластері

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Назарбаев Университет» ДББҰ инно­ва­циялар және ғылым жө­ніндегі вице-президенті Қанат Байғариннің қа­ты­су­ы­мен баспасөз мәслихаты өтті.

«Назарбаев университет» инновациялық кластері

Спикердің сөзінше, Уни­вер­си­тет өзінің ғылыми және ин­но­­вациялық әлеуетін дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда. «Назарбаев Университет» базасында Astana Business Campus инно­вациялық кластері құрылды. Бұл «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» 63 қадамына сәйкес  еліміздің ғы­лым­ды қажетсінетін  экономикасын қалыптастыруға негіз болады», деді Қанат Байғарин.  
Инновациялық кластердің мақсатына тоқталған вице-президент: «Ол озық технологиялар мен жобаларды трансферттеу және коммерцияландыру үшін ғылыми-зерттеу және инновациялық қыз­мет субъектілерін біріктіру, сон­дай-ақ, Қазақстанда инно­ва­циялық кәсіпкерлікті дамыту үшін алаңдар құру болып табылады», деді.
Қ.Байғариннің мәліметінше,  бүгінгі таңда Astana Business Campus инновациялық кластерінің базасында коммерцияландыру офисін, технопаркті және биз­­нес инкубаторды қамтитын жо­­баларды коммерцияландыру жүйесі құрылды. «Осы жүйе  инно­­вациялық жобаларды іске асы­руға және нарыққа шығу жолын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деп атап өтті ол.  
«Назарбаев Университет» ДББҰ Инновацияларды дамыту департаментінің аға менеджері Дамель Мектепбаева Astana Business Campus ғылым паркі құ­­­рамдас элементтерінің бірі болып табылатын биомедици­на­лық клас­тер туралы айтып берді. «Био­медициналық кластер зия­т­-
керлік, қаржылық және ма­те­риалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану есебінен биомедициналық зерттеулерді  коммерцияландыру мен жоғары технологиялы бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған  инновациялық эко­жүйе», деді ол. 

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55