Қазақстан • 30 Маусым, 2017

«G-Global»-дың үздік штабы

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жастар G-GLOBAL-ды қол­дайды» республикалық бай­қауының нәтижесі анық­та­ғандай, «G-Global» жаһандық ақпараттық-коммуникативтік платформасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар штабы бірінші орын иеленіп, Қазақстанның 51 жоғары оқу орнының штабтары арасында үздік деп танылды.

«G-Global»-дың үздік штабы

Байқау өткен жылдың қара­ша айында Елбасы бастамасы­мен, жүзеге асқан «G-Global» ауқым­ды жобасын ілгері жылжытып, насихаттау мақсатында Астана қала­сында алғаш рет өткізілген еді. Атал­ған республикалық байқау қазақ­стандық жастар тарапынан үлкен қызығушылық пен шынайы қолдау тауып, жастардың шығармашылық, зияткерлік әлеуеті мен жасампаз қуатын біріктіруші алаңға айналған болатын. Әлемдік экономиканың, адамдық капиталдың және өрке­ниеттің тұрақты дамуының өзекті мәселелері жөніндегі пікірталастарға жастардың белсене қатысуы жас ұрпақтың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және инновациялық дамуында жауапкершілік пен тұрақты әлем құруда өз рөлін сезінетіндігін растағандай. 
«G-Global» халықаралық хат­шылығының жетекшісі Серік Нөгер­беков белсенді азаматтық ұста­ным танытқандығы үшін қаты­сушыларға салтанатты түрде алғысын жеткізе отырып, жеңімпаздарды құт­тықтады және «G-Global» ха­лықаралық хат­шылығының диплом­дарымен марапаттады. 
«Жастар G-Global-ды қолдайды» республикалық байқауында Е.Бөке­тов атындағы ҚарМУ мен Л.Н.Гу­милев атындағы ЕҰУ-дің штабтары екінші және үшінші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар атал­ған  байқауды жыл сайын өткізу жос­пары туралы хабарлай келе, мұн­дай мүмкіндік жастардың өзін өзі жетілдіруге, өзін өзі танытуға деген ынта­ларын арттыра түсетінін айтты. 

Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан» 
АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55