Аймақтар • 02 Шілде, 2017

Басқарма төрағасы Алматыдағы редакция ардагерлерімен жүздесті

213 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі редакцияның Алматыдағы тілшілер қосынында газеттің бір топ ардагерлерімен жүздесті.

Басқарма төрағасы Алматыдағы редакция ардагерлерімен жүздесті

Журналистер мерекесімен тұспа-тұс келген кездесуге орай газет («Социалистік Қазақстан») редакторының ұзақ жылдар бірінші орынбасары қызметін атқарған Сарбас Ақтаевты республикалық «Парламент сөзі» сыйлығын, бас басылымда жарты ғасырдай еңбек еткен Мамадияр Жақыпты  Г.Толмачев атындағы редакторларға берілетін арнайы сыйлығын алуларымен құттықтады. Алматыдағы тілшілері қосынынының жетекшісі Талғат Сүйінбайдың кеудесіне  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» медалін тақты.

Кездесу үстінде Дархан Қуандықұлы аға буын әріптестерге «Егемен Қазақстан» кітапханасының сериясы бойынша шыққан кезекті жинақ – қазіргі қазақ баспасөзінің абызы Шерхан Мұртазаның «Намыс найзағайы» атты кітабын таныстырып, бір-бір данадан сыйға тартты. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстанда» сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ұстанымдары негізінде ұлттық кодты нығайту мен ұлттық сананы өркендету мақсатындағы өмірлік бағдарламасы мен жаңа пішімде шығап жатқан еліміздің бас басылымы  «Егемен Қазақстаннның» «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына орай жасаған жаңару жобасы туралы, Астанадағы және өңірлердегі журналистердің қызметі мен болашақ перспективалары туралы мазмұнды әңгімелеп берді. Өз кезегінде газет ардагерлері белгілі қаламгерлер – Бекболат Әдетов, Ержұман Смайыл, Мамадияр Жақып пен Сарбас Ақтаев басылым басшысына «Егемен» мен оның болашағы туралы мазмұнды әңгімесі үшін алғыс тілектерін білдіріп, өздері бір кезде тер төге еңбек еткен бас басылымның әрбір жаңалығы мен әрбір қадамы үшін олардың бүйректері бұрып, жүректері жылып тұратыныны айтты. Жаңа буын өкілдері тізгінді қолға алған «Егеменнің» еңсесінің әдеттегідей әрдайым да биікте болатынына сенімді екендіктерін ортаға салды.

Жылы шуақты жүздесу барысында алдағы қоңыр күзде мемлекет және қоғам қайраткері, «Егемен Қазақстанның» ардагер-бас редакторы Шерхан Мұртазаның 85 жылдығына орай  Алматыда спорт ойындарынан турнирлер өткізілетіні туралы да айтылды.

Мира БАЙБЕК,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55