Энрико Диндо – виолончель аспабында ойнайтын бірегей талант иесі. Ол әлемдік ірі сахналарда әйгілі театр ұжымдарымен өнер көрсетіп, ерекше орындаушылық қабілетімен дараланған. Оның үстіне италиялық музыкант Альфредо Пьяттидің 1717 жылы жасалған аспабын әлі күнге дейін сақтап, көне жәдігердің сыры мен сынын жоғалтпай келеді. Бұл концертте де дирижер тыңдаушыларының құлақ құрышын қандырып, әлемдік туындылардан шашу шашты.