ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017

Экспо көрмесінде – Энрико

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордаға италиялық танымал дирижер әрі вио­лон­чель шебері Энрико Дин­до келді. Өнерпаз ЭКСПО-2017 қалашығы аумағындағы Энергия хо­лында еліміздің мем­лекеттік академиялық симфониялық оркестрімен бірге концерт берді.

Экспо көрмесінде – Энрико

Энрико Диндо – виолончель аспабында ойнай­тын бірегей талант иесі. Ол әлемдік ірі сах­на­ларда әйгілі театр ұжым­дарымен өнер көрсетіп, ерекше орындаушылық қа­білетімен дараланған. Оның үстіне италиялық музыкант Альфредо Пьяттидің 1717 жылы жасалған аспабын әлі күнге дейін сақтап, көне жәдігердің сыры мен сынын жоғалтпай келеді. Бұл концертте де дирижер тың­даушыларының құлақ құрышын қандырып, әлем­дік туындылардан шашу шашты.