Аймақтар • 05 Шілде, 2017

Сенатор Қарағанды облысының мәселелерін талқылауға қатысты

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов 1-5 шілде аралығында Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды. Сенатор қалалық және облыстық мәслихат депутаттары мен жергілікті тұрғындарға Парламент сессиясының қорытындысы туралы және 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы жөнінде әңгімеледі.

Сенатор Қарағанды облысының мәселелерін талқылауға қатысты

Қаражал қаласындағы  актив отырысында Атасу-Қаражал жолын жөндеу, Жайрем-Қаражал су құбырын құлылысы және Жәйрем кентінде ХҚКО ашу туралы айтылды. С. Ершов қара металлургия өнеркәсібі қызметкерлері үшін зейнетке шығу жасын төмендету және зейнетақы жинақтарының сақталуына байланысты сұрақтарға жауап берді. Ақтоғай ауданы тұрғындарын «Самұрық-Қазына» қоры бөлімшелерінің кетуі, соның салдарынан жергілікті бюджетке салық түсімдерін төмендеуі проблемасы алаңдатады.

Қарағандыда, сайлаушылар шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы мәселелерін көтерді.

Нұра ауданы тұрғындары депутаттан аудан орталығында 250 келушіге арналған емхана және өнер мектептері құрылысын салуға көмектесуін сұрады.  Сайлаушылар сондай-ақ, Ізенді Құланөтпес өзені арқылы көпірді қайта жөндеу қажеттігіне назар аударды

Сенатор сондай-ақ, 50185 әскери бөліміне барып, заңнама жөнінде және әскери техника мен жабдықтарды жаңғырту туралы пікірлесті.