Аймақтар • 11 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстан бишілері 8 алтын медаль және Гран-При жеңіп алды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті «Движение» хореографиялық ансамблі Туапсе қаласында өткен  халықаралық фестивальдан 8 алтын медальмен және  бас жүлдемен оралды.

Солтүстік Қазақстан бишілері 8 алтын медаль және Гран-При жеңіп алды

4-15 жас аралығындағы 100-ге жуық ұл мен қыз жаттығатын ансамбль талай байрақты бәсекелерде олжа салып жүр. Десек те, бұл жолғы конкурстың бәсі өте жоғары болды. Ресей, Қазақстан, Татарстан, Башкұртстан, Якутиядан қатысқан ондаған би ұжымдары арасында петропавлдықтардың өнерін қазылар алқасы барлық жағынан жоғары бағалады. Нәтижесінде,  8 аталым бойынша лауреат атанып, Гран-Приді қанжығаға байлады.

«Будущее планеты» халықаралық  конкурсына алғаш қатысқанымызға қарамастан бишілеріміз жоғары шеберлік үлгісін көрсете білді.

Келесі жылы Санкт-Петербург» қаласында өтетін тағы бір халықаралық байқауға  шақырту алып отырмыз», дейді  «Движение» ансамблінің көркемдік жетекшісі Ирина Сахарчук.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»