Аймақтар • 11 Шілде, 2017

СҚО кәсіпкерлерінің тиімді бағдарламаларға қатысу белсенділігі төмен

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық әкімдіктің аппарат отырысында аймақ басшысы Құмар  Ақсақалов шағын және орта бизнес саласында орын алған олқылықтарды сын тезіне алды.

СҚО кәсіпкерлерінің тиімді бағдарламаларға қатысу белсенділігі төмен

Соңғы екі жылда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 5,7 миллиард теңгенің 699 жобасы мақұлданған. Олардың 346-ы ауылдық  жерлерге тиесілі. Нәтижесінде, 1300 жаңа жұмыс орны құрылған.

Субсидияландыру бойынша өңір елімізде – бірінші,  кепілдендіру бойынша – үшінші орын алғанына қарамастан кәсіпкерлердің  өндірістік инфрақұрылым салаларын дамытуға қатысуы әлі төмен. Олардың мемлекет көмегі арқылы жарық, су болмаса газ тартудағы енжарлығы қайран қалдырады. Бұл бағытта бар-жоғы 13 жоба ғана іске асырылған.

«Мұндай үрдіс былтыр орын алса, биыл да қайталанып отыр. Нысандарға электр қуатын тегін тартуға құлықсыздықты қалай түсінеміз? Мұның өзі Үкімет тарапынан беріліп жатқан жеңілдікті көмектердің тиімділігін түсіндіру жұмыстарының ақсап жатқанын көрсетеді», дей келіп,  Қ. Ақсақалов тиісті  орындар басшыларына қатаң талап қойып,  нақты міндеттер жүктеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»