Әлем • 11 Шілде, 2017

Димаштың орындауындағы жаңа саундтректің бейнебаяны шықты

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Tencent видео-порталында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Moonlight Blade» атты онлайн-ойынына жазған саундтрегінің бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаштың орындауындағы жаңа саундтректің бейнебаяны шықты

«Уақыт-теңіз» (时光•沧海) әнінің аранжировкасын «Жауыздық мекені» («Обитель зла»), «Титаник» және «Жұлдыздар шайқасы» («Звездные войны») голливуд фильмдерінің саундтрегін жазған музыканттар жасаған.

«Moonlight Blade» -  қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы онлайн интернет-ойыны.

Ойын мазмұны қытайлық жазушы Сюн Яухуаның шығармалар желісінің төртінші бөлімі негізінде құралған. Онлайн-ойын 11 шілде күні түнгі сағат 12-де іске қосылды.

Айта кетейік, Димаш Қытайдағы «Singer 2017» байқауына қатысып, әлемдік танымалдылыққа ие болғаннан кейін, қытайлық «Battle of Memories» және голливудтық «Power Rangers» фильмдерінің саундтрегін орындаған болатын.