Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Тимур Сүлейменов: Маусым айында азық-түлік бағасы қымбаттады

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өсті. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Тимур Сүлейменов: Маусым айында азық-түлік бағасы қымбаттады

"Ресми статистика мәліметтеріне сәйкес, маусымның соңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басына қарағанда 7 пайызға ұлғайды. Жыл басынан бері пияз - 81,1 пайызға, картоп - 74,9 пайызға, қырыққабат - 61,2 пайызға, сәбіз - 38,1 пайызға, сиыр еті - 10,7 пайызға өскені байқалады", деді Тимур Сүлейменов.

Министрдің сөзіне қарағанда, онымен бір мезгілде бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандап отыр. Мәселен, тауық жұмыртқасының бағасы - 26,9 пайызға, қарақұмық - 19,7 пайызға, күнбағыс майы - 7,6 пайызға, қант 1,3 пайыға төмендеді. Азық-түлік бағасының қымбаттауына бірнеше себеп бар. "Әр жылдың екінші тоқсанында тұрақтандыру қорлары азая бастайды. Ал жаңа өнімнің бағасы қымбат болады. Бұдан бөлек, биыл пияз, картоп, қырыққабат сияқты азық-түлік өнімдерін Өзбекстанға экспорттау көлемі ұлғайып отыр", - деп атап көрсетті Тимур Сүлейменов.