Білім • 12 Шілде, 2017

Мыңнан астам мұғалім даярлады

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық педагогиканың бір уығы болған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде түлектерге салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті.

Мыңнан астам мұғалім даярлады

Жас мұғалімдердің жаңа легіне универ­ситет ректоры міндетін ат­қару­шы Баходир Әлиев дипломдар­ды табыстап тұрып: «Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде – 1944 жылы ашылған бұл бірегей білім ұясының елімізде педагог кадрлар даярлаудағы алатын орны өлшеусіз үлкен», деп Елбасы атап өткендей, Қыздар университетінің орны қашанда ерек. Биыл Қыздар университеті – үздік педагогикалық жоғары оқу орны атанғанын атап өткім келеді. 
Біздің университеттің құр­метті түлектері – ҚазКСР-іне еңбек сіңірген мұғалімі Рафиқа Нұртазина, ҚазКСР оқу-ағарту ісінің үздігі Рыскүл Мақатова, белгілі қоғам қайраткерлері Зәуре Қадырова, қоғам қайраткері Асылы Осман, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, Білім және ғылым министрі болған елімізге белгілі тұлға Шәмшә Беркімбаева сияқты ел мақтанышы болыңдар! «Ұстаз болу ұлық емес, ұлы қызмет», білікті маман, жоғарғы дәрежедегі мұғалім болыңыздар. Білімді, зейінді шәкірттеріңіз көп болсын! Мерейлеріңіз үстем болсын, ақ жол!», – деді.
Биылғы оқу жылы Қыздар университетін 41 мамандық бо­йынша бакалаврлық білім алған 1056 түлек аяқтады. Оның 264-і үздік дипломмен бітіріп отыр.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ