Кино • 12 Шілде, 2017

«Оралман» фильмі XIII «Еуразия» кинофестиваліне қатысады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-23 шілде күндері Астанада XIII халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Негізгі бағдарламалық конкурсына қазақстандық режиссер Сәбит Құрманбектің «Оралман» фильмі қатысады. Фестивальдің дайындық жұмыстарына байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында бағдарламалық директор Елена Ларинова толықметражды, қысқаметражды картиналар конкурсы туралы айтып берді.

«Оралман» фильмі XIII «Еуразия» кинофестиваліне қатысады

«Фестивальдің негізгі бағдарламасында толықметражды, қысқаметражды картиналар конкурсы өтеді. 12 толықметражды фильм, 30 қысқа метражды фильм қатысады. Жалпы алғанда 14 әлемдік кинокартина премьерасы, 11 азиялық премьера өтеді» деді Елена Ларинова.

Бас директордың айтуынша, Қазақстанның атынан режиссер Сәбит Құрманбектің «Оралман» фильмі қатысады. Фильм 2017 жылы Ирандағы халықаралық «Фаджр» кинофестивалінде бас жүлде алған болатын.

«Биылдыққа фестиваль 13-ші рет өтіп отыр. Біздер Рашид Нұғыман екеуміз фестиваль басталғалы бірге келеміз. Осы кездің өзінде қазақ киносы да, «Еуразия» кинофестивалі де талай биікке көтерілді. Талай жұлдыздар, талай есімдер ашылды» деген қазылар алқасының мүшесі Талғат Теменов биылғы конкурсқа қазақстандық жас режиссерлардың қатысып жатқанын айтып өтті. «Қысқаметражды картиналар конкурсына алты жас қазақ режиссер өз жұмыстарын ұсынды», деп толықтырды Т.Теменов.

Ая ӨМІРТАЙ,

"Егемен Қазақстан"