12 Шілде, 2017

Астанаға голливудтық кино жұлдыздар келеді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-23 шілде күндері Астанада өтетін XIII халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне келетін қонақтар саны көп. Шетелдік қонақтар қатарында голливудтың танымал жұлдыздары – «Оскар», «Алтын глобус» лауреаты Николас Кейдж, Джон Малкович, Эдриен Броуди, Марко Мюллер болады. Бұл туралы XIII «Еуразия» ХКФ-нің бас директоры Рашид Нұғыман хабарлады.

Астанаға голливудтық кино жұлдыздар келеді

– «Еуразия» кинофестивалін өткізудегі басты мақсат – қазақстандық кино өндірісті дамыту. Сонымен бірге Азия мен Еуропа елдерінің жемісті ынтымақтастығы үшін жаңа мүмкіндіктер қарастыру. Келетін қонақтар да көп. Әлемнің әр түкпірінен кәсіби мамандар, әлемге әйгілі өнер жұлдыздары қатысады. Осы апта қызу болғалы тұр», дейді туралы XIII «Еуразия» ХКФ-нің бас директоры Рашид Нұғыман.

Оның айтуынша, фестиваль аясында бірнеше ірі конкурстар өтеді. Мысалы, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен бірігіп ұйымдастырған «6 плаза» дамушы елдер бағдарламасына 66 ел қатысып, ең үздік фильмдер анықталмақ. Тағы бір қызық жобалардың қатарында «Бес құрлық» балалар фильмдерінің конкурсы бар.

Ая ӨМІРТАЙ,

"Егемен Қазақстан"