Қазақстан • 12 Шілде, 2017

Бас прокурордың бірінші орынбасары ауысты

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов тағайындалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

Бас прокурордың бірінші орынбасары ауысты

Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов 1964 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында дүниеге келген.

1986 жылы С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы ұжымшарда заңгер болып бастаған.

1990-1996 жылдары прокуратура органдарында жұмыс істеген.

1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында, 1997-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында қызмет еткен.

2007 жылы Алматы облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы болып тағайындалды. 2013 жылдан бері ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры.