Президент • 12 Шілде, 2017

Елбасы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бірқатар құжаттарға қол қойды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бірқатар құжаттарға қол қойды

Мұнымен қатар Елбасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттеу тәртібін қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.