Бокс • 12 Шілде, 2017

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда қатысатын болды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстанның ұлтық құрамасы Гамбургте өтетін әлем чемпионатына толық құрамда қатысады. Бұл туралы Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда қатысатын болды

Осы жылдың 30 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Ташкентте өткен Азия чемпионатының қорытындысында Қазақстан құрама командасы 2017 жылы Гамбургте өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін 9 салмақ санатында лицензия жеңіп алған.

Айта кетерлігі, осы айда Қазақстан Бокс федерациясына AIBA-дан 49 келі салмақ санатында әлем чемпионатына қатысу құқығын жеңіп алған индонезиялық боксшы Квангу Лангу лицензиядан бас тартқандығы туралы хабар жеткен болатын. Квангу Лангу мен қазақстандық Жомарт Ержан Ташкентте Гамбургке жолдама үшін жұдырықтасып, индонезиялық жеңіп кеткен еді. Ережеге сәйкес боксшы жарысқа қатысудан бас тартса, онда лицензия рейтингте келесі тұрған боксшыға беріледі. Қазақстан Бокс федерациясы AIBA өтінішін қабыл алып, ұлттық құрама командамыздың мүшесі Жомарт Ержанның 2017 жылғы әлем чемпионатына қатысатындығын растады. Осылайша, Қазақстан командасы алдағы әлем чемпионатында барлық салмақ санаты бойынша жарыс жолына шығады.

Қазіргі уақытта Жомарт күш жинауда. Гамбургке дейін еліміздің құрама командасы 2 жиын өткізеді. Оның бірі 12 шілде күні Алматы облысындағы Бүкіләлемдік бокс академиясында басталып кетті. Екінші оқу-жаттығу жиыны 10 тамыз күні Астанада басталады.