Қазақстан • 27 Шілде, 2017

Өзара қатынастар жанданады

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Сингапурдың Қазақ­стан­дағы резидент емес елшісі Зулкифли бин Бахару­дин­мен кез­десті.

Өзара қатынастар жанданады

Кездесуде Қ.Мәми екі елдің ынтымақтастығын жандандыруға елшінің тікелей қосқан үлесін атай келе, ЭКСПО-2017 көрмесінің шеңберінде Сингапурдың ұлттық күнінің табысты мерекеленуімен құттықтады. 

З.Бахарудин өз кезегінде екі елдің ынтымақтастық деңгейі кө­бінесе мемлекеттік құры­лым­дар­дың өзара іс-қимылды арттыруына тікелей байланысты екендігін атап өтті. 

Қ.Мәми елшінің Қазақстанның конституциялық реформаны өткізуі туралы сұрағына жауап бере келіп, Президенттің мем­лекеттік бағдарламаларды бекі­ту туралы құзыретін Үкіметке бе­ру, Ішкі істер және Әділет ми­ни­стр­лерін тағайындау тетік­терінің өзгеруі, Үкіметтің Пар­ла­ментке тікелей есептілігінің күшеюі ту­ралы айтты. Сот жүйе­сіндегі жа­ңа­шылдықтар бойын­ша Ата Заңнан судьялыққа кан­ди­дат­тардың 25 жас шектелімі туралы талаптың алынып тасталуына айрықша назар аударылды. Аталған қадам кандидаттарды судьялыққа 30 жастан бастап тағайындау туралы міндетті жас шектелімін арттыру жөнінде «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізуге мүмкіндік берді.

Елші Қазақстанда жүзеге асы­рылған конституциялық өз­ге­ріс­тер­ді дер кезінде қолға алын­­ған бас­тама деп бағалап, «Син­га­пур­д­ың тәжірибесі Қазақ­стан­ға ғана қы­зық­ты емес, соны­мен қатар, Син­га­пур да Қазақ­стан­ның даму тә­­жі­рибесін мұ­қият зерделеп отыр», де­ді. З.Бахарудин мырза Аста­на­дағы Халықаралық қаржы ор­та­лы­ғының (АХҚО) жұмысын ұй­ым­дастыруға белсене қатысуға әзір екендігін жеткізді.    

Осы мәселені талқылай келе, Қ.Мәми АХҚО-ның жанынан инвестициялық дауларды шешу мақсатында арбитраж орталығы мен қаржы сотын құ­ру жұмысының барысы тура­лы әңгімеледі. Аталған сот еліміздің сот жүйесіне кір­мейді, онда сот ісі ағылшын ті­лінде жүргізіліп, ағылшын-сак­сон құқығы қолданылатын бо­лады. Қ.Мәми Жоғарғы Сот АХҚО-ның ең жақын серіктесі бо­лып табылатындықтан, Дубай қар­жы және Сингапур арбит­раж орталықтарының тәжірибесі не­гі­зінде оның дамуына мүдделі екен­дігін атап өтті. 

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Сингапурдың құ­қық саласындағы алдағы ын­ты­мақт­астығы өзара түсіністік жағ­дай­ында дами беретіндігіне сенім біл­дірді.

«Егемен-ақпарат»