16 жасар спортшы қыз қоссайыста 200 (90+110) келі көтеріп, ересек қатысушылар - 20 жасқа дейінгі юниорлар мен қыздар арасында үздік үштікке кіруге мүмкіндік берді. Еске салайық, Азия біріншілігі 24 шілде күні Катмандуда (Непал) басталды. Қазақстанның атынан аталмыш чемпионатқа 7 спортшы қатысуда. Жақында ғана Анатолий Савельев жастар арасында 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, юниорлар арасында екінші орынды иеленді. Бүгін Азия чемпионатының тұғырына бірден төрт қазақстандық спортшы шығады: Юниор Құмарбекова Гүлжан (75+/90+ кг, Б тобы) 12.15 Ю* Муптильда Айзада (90+ кг, А тобы) 16.15 Макеев Михаил (77 кг дейін, А тобы) 18.15 Бектай Асылжан (77 кг дейін, А тобы) 18.15 Ю* Ю* - 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар.