17 Тамыз, 2017

Алтын арқау

517 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назар­ба­евтың «Егемен Қазақстан» газе­ті­н­де жарияланған «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» ат­ты ма­қаласын ұлттық рухани өсіп-өр­­кендеуіміз бен кемел­де­нуі­міз­дің бағдарламасы деп қа­был­да­ған жөн.

Алтын арқау

Өз ұлтын сүйген, елін-жерін ая­лайтын жан осылай етсе керек! Олай дейтініміз, Елбасы ең ал­ды­мен ХХІ ғасырдағы ұлттық са­наның қырлары тұрғысындағы фи­лософиялық тұжырымдарын ұсы­на отырып, жаңа тұрпатты жаң­ғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай бі­лу екенін айтады. Сонымен бір­­ге, рухани жаңғыру ұлттық са­­на­ның түрлі полюстерін қ­и­­ын­­нан қиыстырып, жарыс­тыра алатын құдіреті мен ма­ңыз­ды­лы­ғына тоқталады. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бү­гін­гі күн мен жарқын бола­шақ­тың көкжиектерін үйлесімді са­бақ­т­астыратын ұлт жадының тұғырнамасы екенін шегелеп тұрып тұ­жы­рымдайды. Бұл дегеніңіз ұлан-байтақ жердің иесі – әр қа­зақтың жан-дүниесіндегі «Мәң­гі­лік ел» ұғым-түсінігінің де ір­ге­тасы, тұғыры болса керек!

Мемлекет басшысы еңбегінің ең басты идеясы − Мәңгілік Қазақ елінің рухани тұғырын не­гіз­деп, алтын арқауын шира­та түсу. Міне, бұл жөнінде ма­­қа­ланың бірінші бө­лімінде бә­се­кеге қабілет, прагма­тизм, ұлт­­тық бірегейлікті сақтау, бі­лімнің салтанат құруы, Қазақ­стан­ның революциялық емес, эво­лю­ция­­лық дамуы жә­не са­наның ашық­­тығы тақы­рып­ша­ларымен бе­ріл­г­ен Президент жазбалары терең толғамдарымен қалың оқыр­манды тәнті етеді. Еңбектің екінші бөлімінде Қазақ елінің алдында тұрған таяу жылдардағы міндеттер нақты сараланады. 

Президент мақаласындағы бі­лі­мінің салтанат құруы жө­нін­дегі тұжырымдары ұстаз­дық жолда жүрген біздің ерік-жіге­рімізді қайрап, құлшындыра түс­ті. «Табысты болудың ең ір­ге­лі, басты факторы білім еке­нін әркім терең түсінуі керек, − дей­ді Елбасы.

– Жастарымыз ба­с­ымдық беретін мәселелердің қа­тарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Қай заманда да оқу-білімнің мәртебесі биік болған. Мұны қазақ ұлылары зер­делей білген. Он тоғызыншы ға­сырдың екінші жартысында Ыбырай Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық ...» деп Ұлы даланы қоңыраулатты. Қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай халқын білімді болуға үндеп кетті. Осынау ұлы­лар­дың арман-аманаты орындалды десек те болады. 

Президент мақаласында сана­ның ашықтығы тұрғысында сөз қоз­ғай отырып, жер жүзіндегі мил­лиардтан астам адам өзінің ту­ған тілімен қатар, кәсіби байла­ныс құралы ретінде жапа-тар­ма­ғай оқып жатқан ағылшын ті­лін біз­дің де жаппай және же­дел үй­ренуіміз керектігі еш дә­лел­деу­ді қажет етпейтініне баса назар аударады. 

Қазақ тілін біртіндеп латын әліп­биіне көшіру таяу жыл­дар­­дағы міндеттер аясындағы бас­ты жобалардың біріне айналып отыр. Елбасы мақаласында ла­тын­шаға көшудің логикасын ал­ға тарта отырып, бұл қазіргі за­ман­ғы технологиялық ортаның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылым мен білім беру процесінің ерекшеліктеріне бай­ланысты болып отырғанына кө­ңіл аударады. 

Елбасының бағдарламалық еңбегінде қоғамдық және гума­ни­тарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық бі­лім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу­лық» жобасына айрықша мән бе­ріл­ген. Бұл жас ұрпаққа жаңа са­палық деңгейде білім беруге батыл бетбұрыс жасап, білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. 

Мемлекет басшысы мақа­ла­сында «Туған жер» бағ­дар­ла­масы мен «Қазақстанның қасиетті ру­ха­ни құндылықтары» немесе «Қа­зақстанның киелі жерлерінің гео­графиясы» жобасын жасауды тап­сырды. 

Елбасы «Туған жер» бағ­дар­ла­масы жалпыұлттық патрио­ти­змнің нағыз өзегіне айналатынына кәміл сене отырып, Қазақ елін мекендейтін әрбір жанның бойындағы туған жерге деген сүйіспеншіліктің Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласатынын қадап тұрып айтты. Әрбір қазақстандық өз елінің патриоты болуға міндетті. Патриотизм өз тарихы мен тамырын білумен тікелей байланысты болса керек. 

Ұлы Дала көшпенділерінің аса бай рухани тарихы бар. Әрбір халықтың баршаға ортақ қа­сиетті жерлері болады. Осы тұр­­ғыдан келгенде Елбасы «Идея­ның түпкі төркіні Ұлытау тө­рін­­дегі жәдігерлер кешенін, Қо­жа Ахмет Ясауи мавзолейін, Та­раз­дың ежелгі ескерткіштерін, Бе­кет ата кесенесін, Алтайдағы кө­не қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді», деп ежелгі тарихи жәдігерлерімізді тілге тиек ете келе, мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негі­зін құрайтынын айтады. Пре­зи­­дент «Қазақстанның киелі жер­­лерінің географиясы» жоба­сын әзірлеу барысында ішкі және сыртқы мәдени туризмді өр­кендету мақсатымен осы қас­терлі мұраларға сүйене отырып, мәдени маңыздылығы тұр­ғы­сынан келгенде Түркістан мен Ал­тайдың ұлттық немесе құр­лық­тық қана емес, жаһандық а­у­қ­ымдағы құндылықтар екеніне ай­рықша мән беруді тапсырды. 

Адамзат баласы тарихындағы түркі әлемі деген қастерлі ұғым­ның түпқазығы, рухани ша­ңы­ра­ғы ұлы бабамыз Қожа Ах­мет Ясауидің отаны – қа­си­ет­ті Түр­кістанда бабалар ру­хы жаң­ғы­рып жатыр. Қазақ хан­ды­ғы­ның астана­сы болған ежелгі Түр­кіс­тан – те­гі бір, ділі бір, діні бір күллі түр­кі халықтарының Ата­жұр­­тын­да басын қосып, рухын ас­қақ­тататын руханият орталығы, рух астанасы. Соңғы деректерге сүйе­нер болсақ, қазақ халқының Түр­кістанда жерленген ханда­ры мен билерінің, даңқты ба­тыр­ларының жалпы саны 130-дан асып отыр. Олардың 21-і хан­дар, қилы кезеңдерде таққа отыр­ған ұлт асылдары. Өзінің «Да­налық кітабымен» әлемге та­нылған әулие баба Қожа Ахмет Ясауидің есімін Түркістаннан немесе Түркістанды Ясауиден ажыратып қарау мүмкін емес. 

Қазақ елі тәуелсіздігінің ши­рек ғасырдан астам мерзімі ішін­де Президент Нұрсұлтан Назар­ба­евтың көтерген идеясы киелі Түр­кістанның ұлы қасиетінің жан­дана түсуіне, бүгінгідей ізгі­лікті істердің белең алуына бас­ты негіз болды. Қасиетті меке­ннің жасарып-жаңғыруында, өсіп-өркендеуінде Қазақ елі тәу­­е­лсіздігі қарсаңында дүниеге кел­­ген Халықаралық қазақ-түрік уни­верситеті ерекше рөл атқарып отыр десек, артық айтқандық емес. Білім ордасы Қазақ елі тәу­ел­сіздігінің символына, күллі түр­кі халықтарының білімі мен ғы­лымының, мәдениетінің алтын бе­сігіне айналып келеді. 

Сан ұлтты студенттер ара­сын­дағы достық білім орда­сы­ның қабырғасында жүргенде мәң­гілік нығая түседі. Бүкіл түр­кі халықтары ынтымағының не­гізі болып табылатын да солар. Олар өзара қарым-қатынаста жү­ріп, туыстас халықтардың та­ри­хын, мәдениетін және тілін те­рең ұғынады. Білім ордасының сту­де­нттері өзге студенттерден бі­лім сапасымен ғана емес, сонымен қатар патриоттық рухымен де ерекшеленеді. Университет елі­міздің нағыз патриоттарын дая­рлауда. Өз дәуіріндегі білім мен адамгершіліктің жарық жұл­дызы, байсалдылық пен салау­ат­тылықтың, адамдардың ар-ұя­тының символы болған Қожа Ахмет Ясауи бабамыз атындағы Халықаралық университеттің рухани астанамыз – қасиетті Түр­кістанда шаңырақ көтеруі жас­тар жүрегіне әрдайым қасиет нұ­рын құяды. Елбасының идея­сы­мен шаңырақ көтерген бі­лім ордасының студенттерін Мәң­гі­лік ел идеясы нұрландырып, пат­риоттық сезімдерін алаулата түсуде. 

Мемлекет басшысы бағ­дар­ламалық мақаласының қоры­тындысында екі дәуір түйіскен өлі­ара шақта Қазақстанға түбе­гей­лі жаңғыру және жаңа идея­лар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тари­хи мүм­кіндігі беріліп отыр­ға­ны­на халықтың назарын ау­да­ра оты­рып, «Мен барша қазақ­стан­­дықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаң­­ғыру жөніндегі осынау ұсы­ныс­тардың маңызын терең тү­с­і­неді деп сенемін» дейді. Қа­си­етті Түркістан халқы мен бі­лім ордасының студенттері Ел­ба­сының рухани жаңғыруға ба­ғытталған тебіреністі ой-тол­ғамдары мен тұжырымдарына ден қойған. Елбасының Мәңгілік ел­дің алтын арқауына айналған бағ­дарламалық еңбегі уақыт өт­кен сайын жаңа қырларымен жар­қырай түсіп, жасампаз белес­терге бастайды. 

Сейдулла САДЫҚОВ,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің 
профессоры, филология 
ғылымдарының докторы 

Соңғы жаңалықтар