ЭКСПО-2017 • 21 Тамыз, 2017

Германиялық өнертапқыштар электромобиль қуаттайтын жүйені таныстырды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның жас стартапшылары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде электромобильді қуаттандыратын «ақылды» жүйені таныстырды. Компания жетекшісі Никлас Ширмердің айтуынша, бұл инновациялық жоба шараға келушілерді, энергетика саласындағы мамандарды ерекше қызықтыруда.

Германиялық өнертапқыштар электромобиль қуаттайтын жүйені таныстырды

Мамандандырылған көрме арқылы неміс өнертапқыштары жаңа әріптестерін іздестіру үстінде.

«Біздің компания электромобильді қуаттандыратын қолайлы жүйені ойлап тапты. Бұл жаңалықтың тартымды тұсы, кабель тартылған кез келген желіні энергия көзі ретінде қолдана алады. Арнайы розетканы шам бағанасына орнатса да жетіп жатыр. Жобамызды ЭКСПО көрмесі алаңында ұсынғанды жөн көрдік және соған қуаныштымыз. Германия павильонында жаңа технологиямызды таныстыруға толық мүмкіндік жасалды. Білуімізше, Астанада әзірше электромобильдер аз екен. Бірақ болашақта бас шаһардың заманауи қалаға айналатынын ескерсек, бұл өнертабыс күнделікті өмірде үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін», дейді «Ubitricity» компаниясының жетекшісі Н.Ширмер.

Асхат Райқұл,

"Егемен Қазақстан"