ЭКСПО-2017 • 22 Тамыз, 2017

ЭКСПО-да Қатар елінің сән үлгілері көрсетілді

297 реткөрсетілді

Халықаралық мамандандырылған көрмедегі Қатар павильонында белгілі дизайнер Уәдіха Әли Әс-Сулейти модалық сән үлгісін көрсетті. Меймандарға өз елінің дәстүрлі өнерін ұсынған ол импровизациялық көрсетілімде өз қолынан шыққан заманға сай он киім үлгісін паш етті.

Сұлулар киген киімдерде араб мәдениетіне сай өрнектер мен табиғат орнаментінің белгілері үйлесім тапқан. Араб көйлектері түрлі-түсті жібек маталардан тігілген. Қатарлық киімдердің үлгісін қазақстандық арулар киіп шықты. Әлем бойынша жеті дербес сән көрсетілімін жасаған Уәдіханың киiм үлгiлерiндегі алтын түстес әшекейлер көздiң жауын алды.

«Мен соңғы топтамамдағы 10 дәстүрлi көйлегiмдi көрсеттiм. Олар заманауи үлгiде жасалған. Мысалы, топтамада үйлену тойында киетiн жасыл түстi көйлек бар. Көйлектерiмнiң көбi жылтыр. Жалпы, мен қызыл, жасыл, сары сияқты ашық түстердi қолданғанды ұнатамын. Киiмнiң жиегiне ою-өрнектi алтын жіппен қолмен тiгемiн. Сән саласында жүргенiме он жылдай уақыт болды. Қатардың дәстүрлi киiм үлгiлерiн көрсетiп жүрген тұңғыш араб әйелiмін десем, артық айтқаным емес», дейдi дизайнер.
 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Cафлор көлемі артып келеді

Аймақтар • Бүгін, 15:30

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Бүгін, 12:08

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Бүгін, 09:48

Музей жаңа залдармен толықты

Руханият • Бүгін, 09:20

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар