Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Ақтөбе айма­ғы­ның медициналық кластері

662 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Республикамыздың өзге өңірлерімен салыстырғанда Ақтөбе айма­ғы­ның басты бір ерекшелігі медициналық кластер құрылуында әрі оның ел ау­ма­ғында ешқандай баламасы болмауында.

Ақтөбе айма­ғы­ның медициналық кластері

Бұл істің басты қозғаушысы – Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтар күні жа­рия­лаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Мұнда Ақтөбе қаласының урбанистік ор­талық және инвестициялық тартымдылығы мол аймақ ретіндегі өзіндік ор­нына басымдық берілген. Сонымен бірге, еліміздің батыс өңіріндегі жыл сай­ын өсіп өркендеп келе жатқан ірі қаланың сапалы медициналық қызмет көр­сетуге де бейім тұрғаны айтылған. 

Айталық, агломерация талапта­ры­на сәйкес Ақтөбе қаласы мен оның маңайын қосымша құрамдармен то­лық­тыру міндеті қойылды. Соған сәй­кес оған алты ауданның 69 елді ме­кені кірікті. Дәл осындай біріктіру ба­­ғыты денсаулық сақтау саласында да жүргізіле бастады. Бұл бағыт өз к­е­зегінде аймақтық медициналық клас­тер қалыптастыру қажеттілігін туғызды. Осы орайда бүгінгі күндері өңірдегі денсаулық сақтау жүйесіне түбегейлі өз­герістер енгізілуде. Оның алғашқы нәтижелері де бар. Облыс орталығында ха­лыққа медициналық қызмет көр­се­те­тін аумақтық медициналық кластер құ­­рылды. 

Күрмеуі көп күрделі іс қалай іске ас­ты? Бұл үшін ең алдымен қуаттылығы 813 төсектік ірі, көп бейінді шаруашылық жүр­гізу құқығындағы коммуналдық мем­лекеттік кәсіпорнының есігі айқара ашылды. Мүмкін еместі мүмкін еткен тағы бір жағымды жайт, облыстық кли­никалық және облыстық балалар клиникалық ауруханалары мен об­лыс­тық кеңес беру диагностикалық ауру­ха­наларының біріктірілуі еді. Өңірдегі мұн­дай басты денсаулық сақт­ау нысандарының қатарын об­лыс­тың басқа да медициналық ұйым­дары толықтыра түс­пек. Осы ара­да медициналық кластер құ­ру жө­нінде арнайы тұжырымдама қа­был­дан­ғанын айта кеткен жөн. Оның бас­ты мақсаты Ақтөбедегі ден­са­у­лық сақтау қызметін жаңғырту ар­қы­лы тұтастай республиканың батыс өңі­рін­дегі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қа­зақстан, Маңғыстау және ішінара Қы­зыл­­орда облыстары тұрғындарының ден­­с­аулығы мен өмір сүру сапасын жақ­сар­ту болып табылады. 

– Бұл өте ауқымды және аса жауап­ты міндет, жоғары жауапкершілік бо­лып табылады. Кластерлік медицина талаптары томаға-тұйықтық пен оқ­шаулануды көтермейді. Сондықтан, біз медициналық ұйымдардың өзара ты­ғыз қарым-қатынастары мен байланыстарын тереңдету арқылы клас­тер­дің кезекті тораптары – акушер-гине­кологиялық, педиатриялық, кар­дио­логиялық, хирургиялық, онко­ло­­гиялық, зертханалық және оңалту ор­та­лықтарын құруды ұйғарып отырмыз. Мұндай жағдайда медициналық клас­тер қызметіне жүгінген әрбір пациент­ке бірегей медициналық қызметтер кі­ретін арнайы пакет қолжетімді болады, – деді бұл тұрғыда газет тілшісіне Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Әсет Қалиев.

Кластер жағдайында медициналық қыз­мет көрсету үдерісі үзіліссіз жә­не кешенді түрде көрсетіледі. Оған қо­са­­рымыз, медициналық қыз­мет көр­се­­тудің жаңа қағидаты мен меди­ци­на­лық қызмет пакеті емделушілерге ме­дициналық қызметті күту мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай тәсіл медициналық ұйымның экономикалық тұрғыдан тиімді бола тү­суіне де септігін тигізеді. Бүгінгі күні ме­дициналық кластердің қызметі то­лық­­қанды болуы үшін бүгінгі заманғы ме­­дициналық технологиялардың транс­фер­тін әлемдегі медицинасы озық дамыған елдерден жеткізу жолдары шешімін тапты. Бұл үшін Оңтүстік Корея, Израиль, Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия және Беларусь клиникаларымен әріптестік тұрғыдағы келісімдер жа­сал­ды. Осының ішінде ең бас­ты стра­те­г­иялық әріптес Оңтүстік Корея­ның Сеул қаласы болып белгіленді. 

Қандай іс болсын, ең алдымен жақсы, оң нәтижеге қол жеткізу мақ­са­тын көздейді. Бұл ретте меди­ци­на­лық кластер қызметінен қандай оң нәтижелер күте аламыз? Әрине, бірін­ші кезекте халықтың орташа өмір сүру дең­гейін 73,2 жасқа дейі­н жеткізу мін­деті тұр. Жоғарыда айтыл­ған­дай, тұтастай еліміздің батыс өңірін­де­гі халықтың өміру сүру сапасын жақ­сарту басты міндет болып қала бере­ді. Келесі кезектерде кластер шең­бе­рінде әрекет ететін медициналық қыз­меттің қолжетімділігін көтеру ісі тұр. Медициналық қызмет сапалы әрі қау­іп­­сіз болуы тиіс. Бірегей емдеу әдіс­те­рінің қолжетімділігін қамтамасыз ету де осы қатарда. Тағы бір айтарымыз, клас­терлік ұйымдар ауқымын одан әрі ұл­ғайта түсуге ықпалы тиетіндей жаңа құ­рылымдар құрылмаса басталған іс жартыкеш күйінде қалып қоюы әб­ден мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, Ақтөбе өңірінде құрылып жатқан ме­д­и-
­циналық кластер – халықаралық дең­гейдегі тұтастай технологиялық желі. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен шешімін тауып келе жатқан келешегі кемел іс­тің тағы бір басты мақсаты бәсекеге қа­білетті қызмет құру болып табылады. 

Өзінің мәні мен маңызы тұрғысынан қа­рас­тырғанда медициналық кластер құру ісінен бір мысқал кем түс­пейтін та­ғы бір міндет бар. Бұл өңі­рд­егі ме­ди­циналық туризмді дамытуға қа­жет­ті барлық жағдайларды туғызу болып отыр. Бұған қажетті алғышарттардың мол екені істің нәтижелі болуына негіз қалайды. Түйіп айтқанда, медициналық кластер құрылымы – инновациялық даму қағидатының басты бір құрамдас бөлігі. Оның бастауында Ақтөбе агломерациясы тұр. 

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

Соңғы жаңалықтар

Кесар тілігінің зардабы қандай?

Медицина • Бүгін, 18:34