ЭКСПО-2017 • 01 Қыркүйек, 2017

Көрме музейі жәдігерлермен толықты

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таңғажайып Шанхай» деп аталатын қайырымдылық шарасы аясында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің музейіне осы шараның 180 жәдігері табысталды. Оған қырыққа тарта мемлекеттің өкілі қатысты. Кездесуде музейдің маңыздылығы, оның қорын экспонаттармен толықтыру жайында айтылды. 

Көрме музейі жәдігерлермен толықты

Шанхай көрмесі 2010 жылы «Жақсы қала – жақсы өмір» деген тақырыппен өткен болатын. Қазақстан бұл шараға «Астана – Еуразия жүрегі» атауымен қатысты. Шанхай музейі 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Аумағы 8 мың шаршы метрден асады. 

«Бұл жоба әрбір көрмеден ең үздік деп танылған жұмыстар мен туындыларды бір жерге жинайды. Олардың қатарында ғылыми жобалар, бейнеинсталяциялар бар. Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінде де таңғаларлық дүниелер жетерлік. Соның біршамасы Қазақстанда қалса, тағы бірқатары музейге табысталады. Экспонаттардың және бір бөлігін қатысушылар елдеріне алып қайтады. Кемінде әр елдің павильонында 6-дан 25-ке тарта экспонат бар», дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ халықаралық қатысушылармен жұмыс департаментінің директоры Ілия Оразақов.