Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017

Ұлыбритания – сенімді серіктес ел

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «ХХІ ғасырдағы Ұлыбритания және Қазақстан-Британия қатынастары» атауымен халықаралық шеңбердегі кездесу өтті. 

Ұлыбритания – сенімді серіктес ел

Ұлыбритания мен Солтүс­тік Ирландия Біріккен Король­дігінің елшілігі және Елбасы кітапханасының Талдау орта­лығы ұйымдастырған жиын­да Қазақстан-Британия қатынас­тарының 25 жылдық кезеңі сараланып, болашағы баяндалды.

Елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Ұлыбританияның Еуропа мен Америка істері жө­нін­дегі министрі Алан Дан­кан­мен кездесуге осы мемле­кеттің Қазақстандағы Төтен­ше және өкі­­­летті елшісі Кэ­ро­лин Браун да қатысып, әң­гіме қазір­гі халықаралық қа­рым-қа­ты­настардың жай-күйі мен Ұлы­бри­танияның қазіргі жүйе­дегі рөлі және алар орны турасында өр­біді.

Сондай-ақ, ашық пікірталас үлгі­сінде өткен кездесуде А.Дан­­кан халықаралық қауіп­сіз­дік мәселесіне көңіл бөлу мен сауда-экономикалық қаты­настарды дамыту жайына тоқ­талды. Қазақстанның тұрақты экономикалық сот реформаларын қолдау арқылы екі ел арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетін тетіктер жөнінде де өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, ол екі ел серіктестігіне ешқашан сызат түспейтіндігін шегелей түсті. 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»