«Біздің балаларға елшілік ұйымдастырған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне сапар өте ұнады. Жеткіншектеріміз қалашықтан өте жақсы әсер алды. Осындай акциялар тәрбиеленушілердің білімге деген құштарлығын арттырып, танымдарын кеңейтеді. Сондықтан, демеушілеріміздің көп болғанын қалаймыз», дейді «Нұрлы жүрек» орталығы директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Құралай Қожамқұлова.