Алматыда биылғы жыл алғаш рет 28 оқу нысандарын сейсмикалық нығайту жұмытары жүруде, олар - 22 мектеп пен алты бала бақша. Биыл екі мектеп пен алты мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері салынады, сонымен қатар алты мектеп пен бір бала бақшаны қайта жасау және олардың жанынан қосалқы нысандар салу қарастырылған. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында сейсмикалық нығайту, күрделі жөндеу жұмыстары өткен қаладағы бірқатар мектептер мен бала бақшаларды аралап көрді.
Қазіргі кезде №71, №106, №53, №63 төрт мектепте және №69 и №80 екі бала бақшаларда сейсмикалық нығайту жұмыстары аяқталған. Қыркүйекте №10 мектепте және №77, №82 екі бала бақшада жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Құрылыс басқармасының мәліметі бойынша №187, №192, №4, №162, №19, №118, №101 жеті мектепте жұмыстар қазан айында, ал №20, №104, №130, №94, №21, №110 алты мектепте қарашада, Үміт үйі мен №46 мектепте жұмыстар желтоқсан айында аяқталады.
Қалада мектеп жасына дейінгі жеті балалар мекемелерінде құрылыс жұмыстары жүруде. Мысалы, №110 мектеп жанында бала бақша салынады, №6 бала бақша жанындағы қосалқы нысанның құрылысы бітеді. Келер жылы №184, №185 мектептер жанындағы бала бақшалар, Наурызбай және Алатау аудандарында әрқайсысы 320 орынды үш бала бақша пайдалануға беріледі.
Білім берудің сегіз нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Жыл аяғына дейін №77 және №156 мектер жанындағы қосалқы нысандар құрылыстары аяқталады. 2018 жылы Наурызбай ауднында 1200 орынды, Алатау ауданында 600 орынды мектептер, №1 Педагогикалық колледж бен №151, №185 және басқалары жанынан қосалқы нысандар іске қосылады.
Айта кетерлігі, соңғы 5 жыл ішінде қалада 15 мың орынды 280 бала бақша, 14 мың орынды 12 мектеп ашылды. Тек өткен жылы ғана жергілікті бюджет есебінен 500 орынды 4 бала бақша іске қосылды. «Шаңырақ», «Қалқаман» ықшам аудандарында мектептер жанына 1800 орынды қосалқы нысандар салынды.
Мемлекеттік – жеке әріптестік аясында 2016 жылы жеке қаржылар есебінен 5,7 орынды 175 бала бақшалар мен мини-орталықтар ашылды. 2017 жылы 200 орынды 57 жеке бала бақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан жасалған қолдау арқасында 14 млрд. теңге бюджет қаржысы үнемделді.
Қалақұрылыс кеңесінде тұрғын кешенін салу мәселесі қаралғанда бала бақшалар мен мектептерге айрықша назар аударылады. Соңғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша салу жөнінде шешім қабылданған. 3 мың орынды 24 бала бақша коммуналдық меншікке беріледі. Осының арқасында бюджеттің 24 млрд. теңге қаржысы үнемделді.
Алматыда «Жастар жылы» жарияланған соң Жол картасы жасалды. Нәтижесінде 2 мың орынды 4 жатақхана салу жоспарланды. 1200 орынды тағы бір жатақхананың құжаттары дайындалуда. Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірге жастардың жеңілдетілген заем арқылы жаңа пәтер алуына мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама жасалды.