Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ барлық спортсүйер жанұяларды, барлық отбасына арналған спорттық-бұқарлық іс-шараға шақырады. Іс-шара «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басақрмасы» ММ қолдауымен өткізіледі.
«Жанұялық дуатлонға» әкелер, аналар және балалар қатысып, спорттың екі түрі: жүгіру мен веложарыстан сынға түседі. Жанұялық команда жалпы 4 км 500 м қашықтықты бағындыруы тиіс. Әкелер 2 км, аналар 2 км, ал балалар 500 м жүгіріп өтеді.
Қатысуға қашықтықты жүріп өтуге денсаулығы шыдайтын, дәрігердің рұқсаты бар спорттық жанұялар шақырылады. Тіркелу кезінде дуатлонға қатысушы жанұяның әр мүшесіне өз денсаулығына және баласының өмірі мен денсаулығына жауап беретіндігі жөнінде қолхат толтырылады.
Жарысқа 9 - 11 және 12 - 14 жас шамасындағы балалар қатыстырылады. Өз велосипедтерінің болуы шарт.
Командаларды тіркеу 9:00-де басталып, 9:40-та аяқталады. Ал жарыс 10:00-де басталады.