ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017

Шаньдун өнер институты мен ЕҰУ арасында меморандум бекітілді

32 реткөрсетілді

Қытай павильонында Шаньдун провинциясының апталығы ашылды 

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қытай павильонында Шаньдун провинциясының апталығы ашылды. Қытай мәдениетінің бесігі саналатын өңір бай мәдениетімен, салт-дәстүрімен және әсем табиғатымен ерекшеленетін, халық тығыз қоныстанған аймақ. Мұнда Конфуций, Чжуан-Цзы, Мэн-Цзы сынды ұлы ойшылдар дүниеге келген екен. Бейжің мен Шанхайдың арасындағы географиялық орналасуы да провинцияның жан-жақты дамуына септігін тигізген. Экономикалық даму жағынан Шаньдун Қытай провинциялары арасында үшінші орында тұр.

Апталықтың ашылу салтанатына қатысқан Жалпықытай халық өкілдері құрылтайы Шаньдун провинциясының тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ся Гэн павильондағы кезекті апталықты ашық деп жариялады. «Бай тарихымызбен бірге, жетістіктеріміз же жоқ емес. Шаньдун аймағының ауыл шаруашылығы экспортының көлемі жалпы Қытайдың экспорт көлемінің ширек бөлігін құрайды. Мұнда әлемнің үздік 500 кәсіпорны қатарына енген 209 компания орналасқан. Инвесторлар Шандуньда жүзеге асырылатын 700-ден астам жобаға қаражат құйды. Провинцияда теңіз, әуе және темір жол қатынастары жолға қойылған, бұл да Қытайдың өзге мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуында, тауар экспорттауында елеулі маңызға ие», деді ол.

Шара барысында Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігі мен Жалпықытай халық өкілдері құрылтайы Шаньдун провинциясының тұрақты комитеті және Шаньдун провинциясы халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Шаньдун провинциясының үкіметі Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен келісім жасады. Сонымен қатар Шаньдун өнер институты мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында меморандум бекітілді.

Асхат Райқұл,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарттарға кітап сыйлады

Қоғам • Бүгін, 12:14

Бүгін – жартылай финал

Спорт • Бүгін, 09:44

Ұқсас жаңалықтар