Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2017

Түркия президенті Қазақстанға келді

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған ресми сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Анадолу.

Түркия президенті Қазақстанға келді

Түркия басшысының ұшағы Астана халықаралық әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 17-00-де қонды.

Түркия басшысын Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун, Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уйанык, Түркияның ИЫҰ-дағы тұрақты өкілі Салих Шен мен бірқатар елшілік өкілдері қарсы алды.

Түркия президентімен қатар осы елдің премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоглу, экономика министрі Нихат Зейбекчи, ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Озлю де келді. Президентті күтіп алу рәсіміне Сыртқы істер минстрі Мевлют Чавушоглу мен отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатма Бетюль де қатысты.