«Астана орманы» ЖШС Қазақстан халқы Ассамбелясымен, ҚР Ауылшаруашылық министрлігімен және «Астана қаласының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бірлесіп, «Оңтүстік-батыс бөлігі» участкесінде 8 орам аумағында экологиялық акция өткізді.
Экологиялық акция Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Акцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, спортшылар, мемлекеттік органдардың, этно-мәдени бірлестіктер мен жастар ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Акцияға атсалысқандар 600-ге жуық көшет отырғызды.