"Біз Түркияның Сыртқы істер министрімен кездесіп, біраз мәселелерді талқылап шықтық. Соның ішінде Мьянмадағы мұсылмандардың жағдайына қатысты проблемалар да бар", - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов журналистерге берген сұxбатында.
Оның айтуынша, Түркияның сыртқы істер министрі Мьянмадан қашып кеткен босқындарға өзі барып, олардың жағдайымен жан-жақты танысып шыққан. "Ол өз әсерімен бөлісті. Түркия елінің өкілдері Астанадағы Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде Мьянмадағы мұсылмандар мәселесін көтеруді көздейді", - деп атап көрсетті Әбдіраxманов.
Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының басшысы Реджеп Тайып Ердоғанды қабылдады. Екіжақты кездесу кезінде Ердоған қазақ жеріне жасаған алғашқы сапарын еске алды.