Расында, дәптердің бірнеше парақтары ғана сақталған. Бірақ, оқушының қазақ тілінен сыныптық және үй жұмысын латын әріптерімен жазып, оны орыс тіліне аударғаны анық көрінеді. Мұны тапқан Бекболатовтар отбасы өлкетану мұражайына жүгінеді.
«Қырқыншы жылдары Қазақстанда тек қана латын әліпбиі қолданылған. Мына табылған оқушы дәптері соны айғақтайды. 75 жыл тұрып, едәуір шіріп кеткен. Дегенмен, бірнеше парақтарына қарап, толтырылған датасы, мұғалім түзеткен қателерді көрдік», - деді өлкетану мұражайының директоры Раушан Исембаева. Дәптер табылған үй тура 100 жыл бұрын салынған.
Сонымен қатар Бекболатовтар отбасы алпысыншы жылдарда шығарылған ұсақ монеталар тауып алған.