- «Саламатты болашақ» бірлескен жобасы аясында «Асыл бала» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен бүгін қалада алғашқы бейімдік жүзу бойынша секция ашылуда. Сондай-ақ, оқушылар сарайында бейімдік каратэ секциясы ашылып, жұмыс істеуде, - деп атап өтті Бақыт Сапаров қала әкімі Әсет Исекешевтің мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуінде.
Бұдан бөлек, бағдарламаны жүзеге асыру аясында Астанада «Білімде төзімділік» халықаралық конференциясы өткізілді. Жеке балабақша базасында инклюзивті енгізу мақсатында эсперименталды алаң ашылды, балалар үшін «Сау денеде – сау рух» қалалық спорт турнирі өткізілді, «Баланы мектепке дайындаймыз» жобасының аясында 200-ден астам балаға мектеп құралдары табысталды.
Сонымен қатар, Б.Сапаровтың сөзінше, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тұрғындардың аз мобильді топтары үшін қолжетімді орта құру үшін рейдтік тексерістер жүргізілген. Рейд барысындажүз нысанның 33-і құжаттандырылған. Қалғандары аяқталу үстінде.
Бұған дейін хабарланғандай, Астана 2020 жылға дейін ашық, қауіпсіз, ақылды, жайлы, экологиялық тұрақты қалаға айналуға ұмтылуда. Онда әр тұрғында барлық әлеуметтік игіліктерге тең қолжетімділік болады.
Қала әкімдігі Астана тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған елорданың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы өзгертілген болатын.