- Егер тарихқа жүгінетін болсақ, ислам өркениеті өз кезеңінде әлемнің неғұрлым дамыған орталығы болды. Ол бүкіл адамзаттың өркендеуіне зор үлес қосты. Қазіргі цифрлық экономиканың үш тұғыры бар. Яғни, сандар, алгебра, алгоритм. Бұл бір ғалымға байланысты екенін атап өткен жөн. Ол 12 ғасыр бұрын біздің өңірде Амударияның саласында туған Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми болатын. Алгоритм термині әл-Хорезми есімінің латын тіліндегі транскрипциясы болып табылады. Қазір дамудың жаңа ұйымдастырушылық сатысына өтуге мүмкіндік туды, оны пайдалануымыз керек. Пайғамбарымыздың хадистерінде мынадай жолдар бар: «Кімде-кім білім іздеу жолына түссе, Алла тағала оның жәннатқа бару жолын жеңілдетеді,– деді Елбасы.
Мемлекет басшысы атап өткендей, ислам бүгінде қарқынды дамып келе жатқан дін. ХХІ ғасырда ол әлемдегі ең көп тараған дінге айналады. Пайғамдар хадисінде «Бесіктен қабірге дейін білім іздеідеп» деп айтылған. Олай болса, біздің басты міндетіміз ислам өркениетіне қызмет ететін жаңа идеяларды жүзеге асыратын интеллектуалды жаңа элитаны тәрбиелеу.
Арнұр АСҚАРОВ,
«Егемен Қазақстан»