ЭКСПО-2017 • 10 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-ның жабылу рәсімі басталды

37 реткөрсетілді

ЭКСПО алаңында үш айға созылған көрменің жабылу салтанаты өтіп жатыр. Салтанатты іс-шараның ресми бөлігі Конгресс-Орталықта ұйымдастырылды.

Фото: Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Мәліметтер бойынша 21:15-те отшашу болады. Ол шамамен 7 минут 42 секундқа созылмақ. Ал «Нұр Әлем» ғимаратына медиажарықтандыру жасалады. Жабылу салтанатында қолданылатын отшашудың элементтері бұрын еш жерде қолданылмаған.

Концерттік бағдарлама 18:00 бен 20:00 және 21:00 мен 23:10 аралығында Амфитеатр сахнасында өтеді. Концертте Қазақстан эстрадасының МұзАРТ, Маржан Арапбаева секілді жұлдыздары өнер көрсетеді.


 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар