ЭКСПО-2017 • 10 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017. Жабылу салтанатында бірқатар топтар өнер көрсетті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіл әлемді өзіне қаратқан ЭКСПО көрмесі де өз мәресіне жетті. 

ЭКСПО-2017. Жабылу салтанатында бірқатар топтар өнер көрсетті

Фото: Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Қазіргі уақытта көрмедегі Амфитеатрда салтанатты концерт өтіп жатыр. Салтанатты кешке жиналған қауымның алдында DJ Timofei мен Нұрберген Махамбетов, Americano, Holliwood секілді топтар өнер көрсетті.

Айта кетейік, 18:30 уақытында көрмеге кіру үшін берілетін билеттердің сатылымы 22:00 уақытына дейін тоқтатылды. Ал 22:00-де билеттердің сатылымы қайта жанданып, елордалықтар мен қала қонақтарына 02:30-ға дейін көрмені көріп қайтуға мүмкіндік беріледі.