ЭКСПО-2017 • 11 Қыркүйек, 2017

Назарбаев ЭКСПО инфрақұрылымын көрмеден кейін пайдалану туралы айтты

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің жабылу рәсіміне қатысты. Елбасы жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Астана мен еліміздің барлық өңірлері күш жұмылдырғанының арқасында «ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өткенін айтты.

Назарбаев ЭКСПО инфрақұрылымын көрмеден кейін пайдалану туралы айтты

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО инфрақұрылымын көрмеден кейін пайдалану жоспары жөнінде ой бөлісті.

– «Нұр Әлем» және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталады. Көрменің аяқталуы бірнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.