11 Қыркүйек, 2017

Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасы Президентімен кездесті

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Ынты­мақтастығы Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті шеңберінде Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті.

Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасы Президентімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Президентіне Ислам Ынты­мақ­­тастығы Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

– Жоғары деңгейдегі кездесулеріміз тұрақты сипатқа ие болып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқанын білдіреді. Қазақстан көп бейнет көрген бауыр­лас ауған халқына тұрақтылық тілейді, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мүмкіндігіне қарай Ауғанстанға көмек көрсетіп келе жатқанын айтты.

– Атап айтқанда, біз жастарға білім беру, гуманитарлық көмек көрсету салаларында қолдау жасауды жалғастырамыз, – деді Қазақстан Президенті.
Ауғанстан Президенті Саммитке қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.

– Сізді ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылым және технологиялар жө­ніндегі саммитін табысты өткізуіңізбен құттықтаймын, – деді М.Ғани.