11 Қыркүйек, 2017

Елбасы Индонезия Республикасының вице-президентімен кездесті

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Ынтымақ­тастығы Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті барысында Индонезия Республикасының вице-президенті Юсуф Калламен кездесті.

Елбасы Индонезия Республикасының вице-президентімен кездесті

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті Индонезия вице-президентіне саммитке қатыс­қа­ны үшін ризашылық білдірді.

– Бәріміз үшін бұл саммиттің маңызы зор. Индонезия Қазақ­стан­­­ның маңызды серіктесі бол­ған­дықтан, сіздермен одан әрі ты­ғыз ынтымақтастық орнатуға ни­ет­тіміз. Елдеріміз арасында нақ­ты уағдаластықтар бар және осы бағытта мақсатты түрде жұ­­мыс жүргізу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Индонезия вице-президенті Қазақстан Президентіне жұмыс кестесінің тығыздығына қарамас­тан, кездесуге мүмкіндік туғыз­ға­ны үшін алғыс айтты.

– Бізде экономиканың түрлі саласында өзара іс-қимыл жасау үшін зор әлеует бар. Бүгінгі іс-шара келешекте жемісті ынты­мақ­тастықты жалғастыруға тың серпін беретін болады, – деді Ю.Калла.