Кездесу барысында Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің Қазақстанға алғаш рет сапармен келіп отырғанын атап өтті.
– Сіздің Қазақстан жеріне келгеніңізге қуаныштымын. Бүгінгі саммитке қатысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Еліңізде болып жатқан оқиғалар жөнінде білеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Николас Мадуро Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ, Венесуэла Президенті бұл кездесу екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға негіз болатынына сенім білдірді.