Нұрсұлтан Назарбаев Мексикадағы ірі жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ барша Мексика халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, елді мекендер инфрақұрылымының қайта қалпына келуіне тілектестік білдіремін», делінген жеделхатта.