Парламент • 11 Қыркүйек, 2017

Тоқаев Индонезияның Вице-президентімен кездесті

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның Вице-президенті Юсуф Калламен кездесті.

Тоқаев Индонезияның Вице-президентімен кездесті

Қ. Тоқаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша өтіп отырған ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі алғашқы саммитіне қатысқаны үшін индонезиялық делегацияға алғыс айтты. Сенат Төрағасы әлеуметтік-экономикалық реформаларын іске асырудағы және қарқынды дамыған экономикасы бар мемлекет құрудағы Индонезияның жетістіктеріне Қазақстанда зор ықыласпен қарайтынын атап өтті.

Ю. Калла ИЫҰ форумын табысты өткізуімен Қазақстанды құттықтай келіп, саяси, экономикалық, технологиялық және инвестициялық байланыстар саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті.

Қ. Тоқаев конфессияаралық үнқатысуды дамыту жөніндегі Қазақстанның бастамалары, сондай-ақ алдағы 2018 жылы қазанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезінің күн тәртібі жөнінде жүздесушіні хабардар етіп, ол форумға индонезиялық басшылардың қатысатынына сенім білдірді. Тараптар  исламдық білім беру, экстремизм мен терроризмге қарсы идеологиялық іс-қимыл саласындағы өзара байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Индонезияның парламентаралық үнқатысуын нығайтудың келешегін де талқылады.